logo141

Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №14" Акимата города Астана

Previous
Next

Сабақтарды тоқтату параметрлері

Астана қаласының Білім басқармасы, Сіздің назарыңызға Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім ұйымдарындағы сабақты тоқтатудың  параметрлері:

1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

Қосымша: Астаналық оқушылардың ата-аналары өтініштерді тек телефон қоңыраулары, «smart.astana.kz» порталы және электронды пошта арқылы хабарласуға болады. Астана тұрғындары өз өтініштерін #astana109» хэштегін көрсете отырып «Facebook», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтік желілері арқылы да бере алады. Еске сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «051-қызмет» ММ негізіндегі Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығы тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл барлық коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер бойынша елорда тұрғындарының өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы. Кез келген материалды Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

[dflip id="1810" ][/dflip]