logo141

Астана қаласы әкімдігінің "№ 14 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

Previous
Next

Құттықтаймыз!

19 қазан күні Қалалық STEM олимпиадасы өтті. Олимпиадаға №14 мектеп-гимназиясының 8, 9, 10-сынып оқушыларынан құралған үш команда қатысты. Нәтижесінде 71 команда ішінен топ жарып, жоғары нәтиже көрсеткен «AltF4» командасы Қалымжан Науан, Мұхаметғали Нұржан, Бекболат Жаннұр жүлделі 2-ші орынды иеленді. ІІ-ші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Халықаралық кезеңге жолдама алды.
Аталмыш топ, өткен 2023-2024 оқу жылында да Қалалық STEM олимпиадасында 80 команданың ішінен топ жарып 1-ші орын иеленіп, І-ші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Халықаралық кезеңге қатысып, үздік командалар қатарынан көрінді.
Жетекшілері: информатика пәні мұғалімдері Токбаева Г.П., Окасова Г.Н.