logo141

Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №14" Акимата города Астана

Previous
Next

2023 жылдың 21 сәуір күні 14 мектеп-гимназиясында “Алаш” әдеби сыйлығының ең тұңғыш иегерінің бірі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын – Сәкен Құсайынұлы Иманасовтың 85-жылдығына орай “Өмірі жалғасады жырларымен” атты әдеби іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға ақынның қызы Жанар Сәкенқызы Иманасова қатысты. Іс-шара барысында мектептің білім алушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, балаларға арналған жұмбақтарды шешті. Жанар Иманасова әкесі туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, білім алушылардың сауалдарына жауап берді. Естелік ретінде Жанар Сәкенқызы Иманасова білім алушыларға кітаптар мен қаламдарды сыйға тартты.