2023жылдың 12 мамырында №14 мектеп-гимназиясында азаматтық қорғаныс оқулары өткізілді.
Мақсаты: Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оқушылар мен мұғалімдердің практикалық және теориялық білімдерін тексеру.
Азаматтық қорғаныс оқуларына барлығы-477 адам, яғни бірінші ауысымның (жоғары сыныптар) білім алушылары және мұғалімдер қатысты. Мектептегі төтенше жағдай іс-шарасы барысында оқушылар мен мұғалімдер эвакуация ережелеріне сәйкес әрекет ете отырып, ашық алаңға жиналды. Сапқа тұрғызылып, мұғалімдер тарапынан есептер берілді.